Елдің солтүстігінде бұршақ жауады, тек батыста ғана күн ашық. Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар бөліктерінде секундына 15-25 метрге дейін жел күшеюі мүмкін.
Ақмола, облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деген болжам бар.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Астанада күн алабұлтты, күндіз жауын жауады. Оңтүстік батыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соққан жел солтүстік батысқа қарай ойысады. Ауа температурасы түнде 12, 14, күндіз 19 21 °С болады.
Алматыда күн алабұлтты, артынан өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады. Ауа температурасы түнде 11 13°С, күндіз 25 27°С.