БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылғы желтоқсанның 30-да мамырдың 22-сін Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады, сондай-ақ осы күні Биологиялық әралуандық туралы конвенция қабылданды.
Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандықты сақтау және бірқалыпты пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспары жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.