Бүгін - Халықаралық достар күні

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық достар күні. Барлық уақытта барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп таныса да «шынайы достықты» өте сирек деп санаған, ал кемелденген кезін өткен уақытқа жатқызады.

Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.