Бүгін - Халықаралық хатшылар күні

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық хатшылар күні.

АҚШ-та 1952 жылдан бастап Халықаралық хатшылар күні аталып өтеді. Бұл күн АҚШ-та дәстүрге айналған Әкімшілік кәсіпқой қызметкерлерінің аптасы аясында өтеді.

Мейрам сәуірдің соңғы толық аптасының сейсенбісінде аталып өтеді. Қазір бұл мейрамды тек қана хатшылар ғана емес, сонымен қатар директор көмекшісі, офис-менеджерлері мен ассистенттер де, жалпы кеңсе жұмыстарымен байланысты қызметкерлер тойлайды.