Бұл күн 2001 жылдан бері әлемде ресми түрде аталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас ассамблеясы 2000-ыншы жылғы қыркүйектегі мәжілісінде осы атаулы күнді бекіту туралы шешім қабылдаған болатын. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Бас Ассамблеясының ұйытқы болуымен құрылған бұл күні меншік иелері өздерінің авторлық құқын қорғаудағы мақсат-міндеттерін тағы бір мәрте пысықтап, жаңа жобалармен танысады, сондай-ақ алдағы уақыттарда атқарылуы тиіс шаралар жайында пікір алысылады.