Мәселен, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, кейбір уақыттары оның күші 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында да жел тұрады, оның күші секундына 15-20 метрді құрайды. Қарағанды облысының кей аумақтарында шаңды дауыл борайды.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды деп болжануда.
Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше бүгін, Қазақстанның орталық, батысы, шығыс және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.