Мәселен, Алматы облысының кей жерлерінде 18-23 м/с екпінде жел соғады, Жалаңашкөл аумағында оның күші 23-28, кей уақыттары 30-ға дейін жетуі ықтимал.
Қызылорда мен күндіз Атырау облысының кей аумақтарында шаңды боран мен секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел күтілуде.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан және түнде Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде тұман, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр қашықтыққа дейін жел соғады деп болжануда.