Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болатыны күтіледі.
Сонымен қатар, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.