Ал батыс өңірлер арқылы циклон мен суық атмосфералық ағымдардың ығысуы күтілуде. Бұл аумақта найзағайлы жаңбырлар болып, күшті желдер тұрады.
Мәселен, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел болжануда, күндіз Қостанай облысында оның күші секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының кейбір аумақтарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз - тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде таңертең тұман күтілуде.
Сонымен қатар «Қазгидрометтің» ескертуінше, бүгін Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығысы мен оңтүстік-шығысының кейбір аумақтарында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.