Бүгін Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтеді - Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Кенен ауылында он бір жасында қолына домбыра алып, аспандағы бозторғайға үн қосқан, телегей теңіз жыр жазған Алатаудың алыбы Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтеді,

деп   хабарлады    облыс әкімдігінің    мәдениет басқармасынан. 

Мерекеге  Қазақстанның     бірнеше  облыстарының өкілдері,    жақын шетелдерден  келген қонақтар   жиналып отыр.   Қазақстан  Республикасының Мәдениет  және   ақпарат  министрі  Мұхтар Құл-Мұхаммед,  сондай-ақ Қырғызстанның Мәдениет министрі бастаған            делегация   келеді  деп күтілуде.  Мәскеуден де  қонақтар  келеді.

Қонақтар Кенен  ақынның мемориалдық  мұражайында  болады.  Қордай ауылының Мәдениет  үйінде      қазақ өнерінің дүлдүлі Кененнің өмірі мен  шығармашылығына арналған   конференция  өтеді.  «Ой-жайлау»   ипподромында      бәйге  болады.