Елбасы өңірге түстен кейін келеді деп күтілуде. Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы ірі диірмен кешенінде болады, «Қазақтелеком» компаниясының Меңдіқара ауданында жүзеге асырып отырған Интернет желісіне кеңтарамды қосылу жобасының таныстырылымына қатысады.
Н.Назарбаев сондай-ақ егін алқаптарын аралауды және дихандармен кездесуді жоспарлап отыр.