Мемлекет басшысына өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы индустриялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылу нәтижелері ұсынылатын болады.
Ел Президентінің жұмыс сапары бағдарламасында «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында салынған ауылды, «КЭМОНТ» АҚ кәсіпорны мен сүт-өңдеу зауытын аралап көру бар.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстанның этномәдени орталықтарының өкілдерімен де кездеседі деп жоспарланып отыр.