Ойынды ұйымдастырушы комитеттің ақпараты бойынша, Ертіс қаласына Қазақстанның барлық облысынан 10 мен 25 жас аралығындағы 500-ге тарта қыздар мен ұл балалар келді. Төрт күн бойы олар фортепиано, скрипка, ән айту, би, халықтық аспаптар,сурет, ди-джей және веб-дизайн, барлығы 15 номинация бойынша сайысқа қатысады.
Жастар ойынын Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі «Нұр Отан» ХДП және ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұлттық Дельфий комитетімен бірлесе өткізіп отыр.