Отырыста өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер қаралады.
«Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады. Жалпы, пандемияның елеулі әсеріне және жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның экономикасы тұрақты екенін көрсетті», - деді 12 қаңтарда өткен жиында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин.