Украинаның атом энергетикасының тұңғышы атанған Чернобыль атом электр стансысы 1986 жылы сәуірдің 26-сында адамзат тарихындағы ең үлкен техногендік апаттың символына айналды. Стансыда орын алған апаттың салдарынан 30 шақырымдай радиустың радиактивті улануға ұшырады. Украинадағы радиацияға уланған аумақтың жалпы ауданы 12 облысты қамтыды, 50 мың шаршы шақырымды құрады, ал ресейлік өңірдің 19 аумағында 60 мың шаршы метр аудан уланды, Беларус елінде де ел халқының 20 пайызы тұратын 46,5 мың шаршы метр аумақ зардапқа ұшырады.
2003 жылдың қыркүйек айында ТМД саммитінде Украинаның сол кездегі президенті Леонид Кучма Достастық елдеріне сәуірдің 26-сын - Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні деп жариялауды ұсынды. ТМД Мемлекет басшыларының кеңесі бұл ұсынысты бірауыздан қабылдады.
Ал 2005 жылғы тамыздың 26-ында Қазан қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының кеңесінде Чернобыль атом электр стансысындағы апаттың 20 жылдығына байланысты және халықаралық қоғамдастықтың назарын радиациялық қауіпсіздік мәселесіне аудару мақсатында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықтары мен әлемдік қауымдастыққа үндеу» қабылданды.