Пермьде түнгі клубтардың бірінде болған өрттің салдарынан 100-ден астам адамның опат болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған еді.
Қайғылы оқиғаның себебін тексеру шаралары жалғасуда - тергеудің пікірі бойынша, «Хромая лошадь» түнгі клубындағы өртке жабық жайда қолдануға тыйым салынған отшашудың қолданылуы мен жайды безендіру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің дөрекі бұзылуы себеп болған.
Өрт оқиғасы бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 109-шы бабы 3-ші тармағы бойынша - абайсызда екі және одан да көп адамға өлім әкелгені үшін және 219-шы баптың 3-ші тармағы - екі және одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылу факті бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Пермь клубында болған өрттің салдарынан 111 адам қаза болып, тағы 120-дан астам адам жараланған еді. Ауыр жағдайда жатқан жаралылар арнайы рейстермен Мәскеу, Петербор, Челябі қалаларының емханаларына жеткізілді.