Бүгін республиканың басым аумағында күн райы - жауын-шашынсыз

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 сәуір күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын жоғары қысымды аумақ анықтап, күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық ағымдардың ығысуымен жауын-шашындар мен күшті желдер күтілуде.

Атап айтқанда, бүгін Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады.

Қостанай облысының жекелеген аумақтарында - тұман, 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ тұманды, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды және Павлодар облыстарының жекелеген өңірлерінде тұман сақталады.

Ақмола облысында тұманмен бірге көктайғақ болжануда.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желге шаңды дауыл араласады.