Бүгін - тұңғыш ғарышкер-қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан тарихи күні

Фото: None
АСТАНА. Қазанның 2-сі. Бүгін - тұңғыш ғарышкер-қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан тарихи күні.

1991 жылғы қазанның 2-сінде жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 59 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан құрамында ресейлік Александр Волков, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен австриялық ғарышкер Франц Фибек бар «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен кеңес-австрия экипажы ұшып шықты. Қазақстан мен Австрия арасында ғарышқа жол салған бұл тарихи бастаманы Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының канцлері Франц Враницкий бақылады.

Тоқтар Әубәкіров - Қазақстан ның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағы ның соңғы (72-ші) ғарышкері.