деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, тау шыңғысы спортынан Игорь Закурдаев ел намысын қорғайды. Ал, биатлоннан 10 шақырымдық ізге түсу жарысында әйелдерден Елена Хрусталева, Анна Лебедева және Марина Лебедева, сондай-ақ спорттың осы түрінен ерлер арасындағы 12,5 шақырымдық жарыста Ян Савицкий мен Александр Червяков Қазақстан атынан сынға түседі. Бұлардан бөлек бүгін мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында олимпиада медальдары сарапқа салынады. Бұл бәсекеге Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен шеберліктерін көрсетеді.