Бүгінде Қарағанды облысының Индустрияландыру картасына 56 жоба енгізілген, олардың 9-ы ағымдағы жылы іске асырылады

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде Қарағанды облысының Индустрияландыру картасына 56 жоба енгізілген, олар машина жасау, құрылыс, энергетика, химия және жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалардың одан әрі дамуына қосымша серпін берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ағымдағы жылдың жұмыс қорытындылары бойынша есеп берген аймақ басшысы Әбілғазы Құсайнов мәлім етті.

Биыл 9 жоба іске асырылады. Бірінші жартыжылдықта үшеуі жүзеге асырыла бастады.

Бұдан басқа, Үкіметтің қабылдаған шағын қалаларды дамыту бойынша республикалық бағдарламасына кірген облыстағы шағын қалалар бойынша 8 бағдарлама жасалды және бұл жақын жылдары олардың тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ел Үкіметі мақұлдаған 11 республикалық бағдарлама бойынша облыста мектептер, кардиологиялық орталық, жолдар, инженерлік коммуникациялар, тұрғын үйлер сияқты маңызды нысандар салынуда.