Бүгіннен бастап біз ел экономикасын басқарудың қолма-қол тәртібіне көшетін боламыз ? К. Мәсімов

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгіннен бастап біз ел экономикасын басқарудың қолма-қол тәртібіне көшетін боламыз.

Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңес барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жақында АҚШ-тың қаржы министрі өз баяндамасында қазіргі дағдарысты нарықтық экономика сейілте алады деп атап көрсеткен болатын. Бірақ, 100 жылда бір рет бұл жүйе іске аспай жатады екен. Қазір дәл сондай жағдай болып тұр. Сондықтан, ел экономикасының жандануына мемлекеттің араласпауы орынсыз. Бүгіннен бастап дағдарыстың аяқталуына дейін біз жаңа жүйе бойынша әрекет етуіміз қажет. Аталған жүйені Үкімет жақын арада әзірлеп шықпақ. Ал бүгіннен бастап 2009 жылдың аяғына дейін біз ел экономикасын басқарудың қолма-қол тәртібіне көшетін боламыз. Мен осындай шешім қабылдадым», - деді К. Мәсімов.