Бүгін Ақтауда ауа сапасы нашарлайды

23 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Кazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, дүйсенбіде тек Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.