Бұқар жырау атындағы мұражайда павлодарлық танымал ақынға арналған экспозиция ашылды

ПАВЛОДАР. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бұқар жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайында павлодарлық танымал ақынн, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Виктор Семерьяновтың шығамашылығына арналған экспозиция ашылды. Мұнда Павлодарда жарты ғасырдан астам уақыт бойы тұратын әдебиетшінің марапаттары, фотосуреттері, кітаптары қойылған.

«Ақынның «Қаздар қайтқанда», «Жасыбай батыр туралы аңыз» және «Мәшһүр шыңы» атты поэзия жинақтары оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды, - дейді мұражай директоры Роза Игібаева. - Ол композзитор Игорь Булановпен шығармашылық бірлікте ондаған өлеңнің сөзін жазды, олар фестивальдар мен мерекелерде орындалып жүр, компакт-дискілерге түсірілді».

Виктор Гаврилович орыс оқырмандарына қазақ поэзиясы мен прозасының жаршысы болып келеді. Ол қазақ әдебиеті классиктері мен жергілікті ақындардың шығармаларын аударады.

В.Семерьяновтің журналист кадрлар даярлаудағы зор үлесі жөнінде «Зведза Прииртышья» облыстық газетінің редакторы Юрий Поминов айтып берді. Тәжірибелі журналист отыз жылдан астам уақыттың ішінде көптеген жас кадрларды тәрбиеледі, олардың көпшілігі ТМД елдерінде ойдағыдай еңбк етіп жүр.