деп хабарлайды қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі.
Бүгінде павлодарлықтардың иелігінде - Спорт сарайы, бес стадион, сегіз спорт кешені, тоғыз жүзу бассейні, үш шаңғы базасы, спорт алаңдары - барлығы мыңға жақын спорт құрылыстары бар.
Жол картасы бойынша «Құлагер» ипподромы, жасанды төсеніші бар 15 спорт алаңқайы салынды, орталық стадионда УЕФА стандарттарына сай кезеңдік қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Павлодарда 27 олимпиадалық, 36 олимпиадалық емес және 8 ұлттық спорт түрлері кең тараған. Дене шынықтырумен және спортпен 62 000-нан астам қала тұрғыны айналысады. Олардың қатарында 28 000-ға жуық балалар мен жеткіншектер бар.
Спорттық құрылыстардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін биылғы жылы республикалық және облыстық бюджеттен 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.