Ағымдағы жылдың 21 маусымында Шығыс Қазақстан облысының әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайға байланысты жиналыс өткен болатын. Осы жиналыста Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларынан 2016 жылдың 21 маусымнан 3 шілдеге дейін су тастау кестесі жасалынған. Кестеге сәйкес, Бұқтырма бөгенінен 2500 м3/сек, Шүлбі бөгенінен 3000 м3/сек дейін суды тастау жоспарланған болатын. Бұл іс-шара артылған суды азайтып, бөгендердің қауіпсіз қалпында сақтап қалуына бағытталған болатын.
«Алайда, 24 маусымда Бұқтырма және Өскемен бөгендерінен су тастау мөлшері 1900 м3/сек дейін азайтылды. Су аз жылдары бөгеннің жағалауында түрлі демалыс орындары соғылған. Ал 90-шы жылдардың соңына қарай бақылаусыз құрылыстар соғылуы орын тапқанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде, судың қалыпты жағдайдан төмен орналасқан жерлерде салынған нысандар су астында қалды», делінген баспасөз баянында.