деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешегі қарлы боранда Щучье-Николаевка бағытында жолға шыққан екі жеңіл көліктегі 9 ересек адам, үш және төрт жастағы балалар қар құрсауында қалып қойған. Суыт хабар аудандық ішкі істер бөліміне жетісімен жол полицейлері көмек қолын ұсынған. Жіті іс-әрекет нәтижесінде көліктер қардан аршылып, адамдар аман алып қалынды. Бұл жаңа жылдағы алғашқы тосын оқиға.