Полицейлердің мәліметі бойынша, ұсталғандардың екеуі де Щучье қаласының тұрғындары.
«Златополье ауылы тұрғынының Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне хабарлаған ақпаратына сай жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында аталған елді мекендегі христиан зиратынан 10 темір қоршауды қолды қылған 28 және 30 жастағы Щучье қаласының екі тұрғыны ұсталды.
Күдіктілер ұрланған қоршауды металл қабылдайтын пунктке бар-жоғы 18 мың теңгеге өткізген.
Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, олардың «Ауди» және «Фольксваген» көліктері айып алаңына қойылды», - деп көрсетілген хабарламада.