Бурабайда тауға шыққан астаналық туристер төмен түсе алмай қалды

Фото: ТЖМ

БУРАБАЙ. KAZINFORM — Бурабайда кезекті елордалық туристер құтқарылды. 

Бүгін адасқан үш адам Бурабай курортының ең биік тауынан өз бетінше түсе алмады. 

Оларға Ақмола облысының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келді.

Фото: ТЖМ

Құтқару операциясы шамамен үш сағатқа созылды.

2004 жылы туған туристерге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ тауда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.