«Бұрғылау» ЖШС директоры өз қызметінен босатылды

АҚТАУ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Бұрғылау» ЖШС директоры Төлеген Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін мекеме жұмысшыларымен кездесуде «Бұрғылау» ЖШС меншік иесі МН «Industry» ЖШС директоры А.Әубәкіров мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұрғылау» ЖШС директорының міндетін атқарушы болып Таңат Сейітмағанбетов тағайындалды. Жаңа басшы жұмысшылардың талап-тілектерін ҚР Еңбек туралы Заңына сәйкес бітімгершілік комиссиясы арқылы шешетінін жеткізді. Ал мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы Д. Бесбаев жұмысшыларды қайта жұмыс орындарына оралуға шақырды. Наурыздың 20-сынан бері ереуілге шығып, аштық жариялау арқылы қарсылық білдіріп жатқан «Бұрғылау» ЖШС-нің 1000-нан астам жұмысшысы бүгінгі түнгі ауысымнан бастап жұмыстарына кірісетін болып тарасты.