ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы іргесіндегі «Жайық қалашығы» маңында құсбегілер арасында «Қансонар» республикалық турнирі өтті. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресейден келген 40-қа жуық бүркітші қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төрешілер қатысушылардың ұлттық киім үлгісін, құстардың аңға түсуіне баға беріп отырды.
Айта кетейік, мұндай сайыс Ақжайық өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Сайыста бас жүлдені атыраулық Арман Қошқаров еншіледі. Екінші орында - Жамбыл облысынан келген Бағдәулет Бабажан. Үшінші орынды екі бүркітші бөлісті. Олар - Ақмола облысынан барған Бергенбай Тастанбек пен астаналық Серікбек Күнтуған.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.