Яков оның кіреберістері мен шығатын есіктерінің қайда орналасқанын, өлген адамдарға күзет керек емес екенін жақсы білетін, деп баяндады баспасөз қызметінің инспекторы Лариса Поломошнова.
Кабинеттердің бірінен бұрынғы санитар цифрлы фотоаппарат, теледидар, электр жылытқыштар алған. Таңертең кабинетке патологоанатом кіргенде, ол терезенің үстінде ұйықтап жатқан бұрынғы жұмыскер Яшаны таныды.
Яшаның үстінен спирттің иісі мүңкіп тұрды. Кейіннен полицейлер оның кеудешесінің қалтасынан ұрламақшы болған фотоаппаратты тапты. Ал теледидар мен жылытқыштарды ұсталған азамат терезеден шығарып үлгермеді.