БҰҰ: Африка тұрғындарының саны 1 миллиардтан асты

АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Африка елдерінде тұратын адамдардың саны 1 миллиардтан асты, деп хабарлады ВВС телекомпаниясы БҰҰ-ның Халық саны қорына сілтеме жасап.

Қордың атқарушы   директоры  Торайи  Обейдтің айтуынша,   соңғы   27 жылда Африка  халқының саны  екі есеге   өсіп  отыр.        Адам санының    мұншалықты     тез өсуінің  негізгі себебі -   Африканың  кедей елдерінде  көптеген әйелдердің   отбасын  жоспарлаудың    заманауи әдістерін  білмеуі  болып табылады.

БҰҰ  мәліметтері  бойынша,    Уганда мен Нигерияның   халқы  тез   өсуде.