Егер БҰҰ аумақтық қауіпсіздік құрылымдарымен өзара тығыз іс-әрекет етсе Жердегі бейбітшілік мығым бола түсер еді. Еуразиялық өңірдегі ондай сәйкес құрылымдар - АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы мен іс-әрекетінде қазіргі заманғы әлемнің құрылымын нақты көрсету маңызды. Сонымен қатар вето механизмі қабылданған шешімдердің өлшемділігі мен тиімділігіне кепіл бола алады», - деді Н.Назарбаев.
Елбасы сонымен қатар Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-18 жылдарға тұрақты емес мүшелікке өзінің кандидатурасын ұсынғанын жеткізді.
«Біз әлемдік қауымдастықтың қолдауына үміттіміз», - деді Президент.