БҰҰ Бас хатшысы қоғамды пара бермеуге және пара алмауға шақырды

АСТАНА.  Желтоқсанның  9-ы. ҚазАқпарат -      Америка қоғамының барлық  саласына    еніп отырған   сыбайлас жемқорлық  «Құрама Штаттардағы  №1 қылмыстық қауіп»  болып табылады.

Федералдық  тексеру  бюросының  Майамидегі   бөлімінің басшысы Джон  Гиллес сейсенбі күні  берген сұхбатында    осындай  пікір  айтты.  Оның айтуынша,   соңғы жылдары АҚШ-та   шенеуніктердің  арасында  ақша   ұрлау  және   қаржылық   алаяқтықтар жасау  оқиғалары  көбейіп  отыр.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун    халықаралық қоғамдастыққа  үндеу   тастап,   ешқашан   пара алмауға және   пара  бермеуге     шақырды.

Бүгін атап өтілетін   Сыбайлас жемқорлықпен  күрестің  халықаралық  күніне  байланысты жарияланған      БҰҰ  Бас хатшысының мәлімдемесінде  барлық  адамдарға  «жемқорлықпен  күресу  жөніндегі БҰҰ науқанына   атсалысу  туралы»   үндеу        жасалып  отыр.