«Баяндамада келтірілген дәлелдер ауыр. Ол әрекетке айтылып отырған айыптауларға мен ортақтасамын. Әсіресе, бұл оқиғаның Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша алтыжақты келіссөз тығырыққа тіреліп отырған кезде орын алғаны қиын. Мен Қауіпсіздік Кеңесін жедел консультация бастауға шақырамын. Қауіпсіздік Кеңесі өз мандатын орындап, сәйкес шаралар қабылдайтынына сенемін», - деп мәлім етті Пан Ги Мун БҰҰ штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Корея «Чхонан» кемесінің апатына Солтүстік Кореяны кінәлап отыр. Солтүстіккорейліктер барлық айыптауды теріске шығаруда.