деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Гаитидегі гуманитарлық мәселелерді үйлестіруші аталмыш ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, қаңтардың 24-індегі жағдай бойынша, баспанаға мұқтаж адамдардың саны 1 миллионға жетеді, олардың көпшілігі ел астанасы -Порт-о-Пренсте тұратындар. Қала жедел шатырлы қалашықтардың тұрғызылуына мұқтаж.
Гаити үкіметінің есептеулері бойынша, өкімет берген көліктерге мініп, 235 мыңдай адам Порт-о-Пренс қаласын тастап кеткен және көрші қалаларға барып жайғасқан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, әзірге елде инфекциялық індет ошақтары тіркелмегенін хабарлауда. Халық арасында азық-түлік, ауыз су таратылуда. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасынан және басқа да ұйымдардан азық-түлік қоржындарын алған адамдардың саны 500 мыңға жетті. Бірақ та, азық-түлікке мұқтаждардың саны 2 миллиондай адам деп бағалануда.