деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.
Оңтүстікафрикалық көшбасшының бейбітшілік пен бостандық ісіне қосқан айтулы үлесін халықаралық қоғамдастық осылайша атап өтті.
Қазір 91 жастағы Н.Мандела апартеид тұсында адам құқығы үшін жан аямай күрескен ең танымал белсенділердің бірі болып саналады. Белсенділігі үшін Н.Мандела 27 жылын Кейптаун түрмесінде өткізген. Қамаудан босағаннан кейін ол Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті болды және елді 1994-1999 жылдар аралығында басқарды. Билік басынан 1999 жылы кеткен Н.Мандела әлі күнге дейін кедей-кепшіктердің, оның ішінде науқас балалардың құқықтары үшін күрес жүргізуде. Оңтүстікафрикалық көшбасшы 1993 жылы Нобельдік әлем сыйлығын алған болатын.