БҰҰ Рим саммитінің декларациясын сынға алды

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік ұйымының басшысы Жак Диуф ашаршылықпен күрес мәселелері бойынша Римде өтіп жатқан саммиттің қорытынды декларациясын сынға алды,

деп   хабарлайды «Азаттық»  радиосы.

 Диуфтың айтуынша, ашаршылықты  түп-тамырымен жою   жөніндегі  жедел іс-қимылдарға   үндейтін   құжатта     нақты  ұсыныс    жоқ   және      проблемаларды шешудің   нақты мерзімдері аталмаған.

 Ақпарат   агенттіктері  сондай-ақ        дамушы елдердің  ауыл шаруашылықтарын қолдауға жыл сайын  40 миллиардтан  астам   доллар бөліп  тұру  туралы  БҰҰ-ның  үндеуін  халықаралық саммитке  қатысушылардың  қабылдамағанын      атап  көрсетуде.

 БҰҰ-ның бағалауынша,    әлемде   аш-жалаңаштардың саны 1 миллиардтан  асады.