ПАВЛОДАР. 18 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 3,6 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны және жалған құжат жасағаны үшін Павлодар соты мектеп бухалтеріне қатысты мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі түзету колониясында бес жыл жазасын өтеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қашыр ауданындағы бір ауыл мектебінің бас есепшісі болып, кейін 2006 жылдың тамызы мен 2010 жылдың 1 наурызы аралығында павлодарлық білім беру мекемесінде жұмыс істеген бухалтер әйел өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, заңсыз жолмен өзіне еңбекақыны артық бөліп отырған.