Бұл туралы ОҚО КБД баспасөз қызметінен хабарлады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жіберілген болжам тапсырма 102,4 пайызға орындалды. ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің болжам жоспары 44 млрд.741,7 млн. теңге болса, ел қазынасына 45 млрд.816,2 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті.
2012 жылмен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар 11 млрд. 295,4 млн.теңгеге немесе 32,7 пайызға артық өндірілді.