Бюджетке қатысты жауапкершілікті күшейту бағытында заңнамаға өзгерістер қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл желтоқсанда бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны және жоспарлағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша шаралар қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағыжылғы тамызда Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне өзгерістеренгізіледі. 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер 2020жылдың 1 қаңтарынан бастап корпоративтік табыс салығын шағын және ортабизнестен жергілікті бюджеттерге беруді ескере отырып, айқындалатын болады.Биылғы қазанда квазимемлекеттік секторға бөлінетін қаражатты пайдаланутиімділігіне талдау жүргізіледі. Салынған қаражаттан қайтарымды бақылау бойыншатәсілдер және квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін бағалау үшінәдістеме жобасы әзірленеді», - деп түсіндірді Ә. Смайылов.

Соныменқатар ол бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесіне тоқталды.

«Ағымдағыжылғы желтоқсанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Есеп комитетімен бірлесіп,мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда бюджет қаражатын тиімсізпайдаланғаны және жоспарлағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша шаралар,оның ішінде заңнамаға өзгерістер қабылданатын болады», - деді Үкімет басшысыныңбірінші орынбасары.