деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Чехословакиядағы коммунистік режімнің қантөгіссіз құлатылғанына 20 жыл толып отыр. 1989 жылы қарашаның 17-де полиция Прагада студенттердің бейбіт шеруін тоқтатқан болатын. Осыдан кейін басталған бұқаралық шерулер коммунистерді билік басынан кетуге мәжбүр етті. 1990 жылы Чехословакияда соңғы 40 жылдағы алғашқы демократиялық сайлау өткен еді. Ал тағы үш жылдан кейін ел екі тәуелсіз мемлекетке ыдырап, Чехия мен Словакия елдері дербес мемлекетке айналды.