Ал, Италияның «Милан» клубы болса өз алаңында Англияның «Манчестер Юнайтед» командасынан ұтылып қалды. Есеп 2:3. Бұл командалар арасындағы қарымта кездесулер наурыздың 10-да болады. Бүгін сондай-ақ ширек финалдың бірқатар ойындары өтеді. Германияның «Бавариясы» Италияның «Фиорентина» командасын, ал Португалияның «Порту» клубы Англияның «Арсеналын» қабылдайды.
Жалпы ширек финалда сегіз жұпқа жұптастырылған он алты команда сынға түсуде. Жоғарыдағы командалардан бөлек, ширек финалда Германияның «Штутгарт» және Испанияның «Барселона», Грекияның «Олимпиакос» және Францияның «Бордо», Ресейдің ЦСКА және Испанияның «Севилья», Италияның «Интер» және Англияның «Челси» клубтары өзара мықтыны анықтайды. Бұл командалар арасындағы бірінші матчтар наурыздың 23-і және 24-і күндері болады.