Чемпиондар лигасының финалында «Интер» мен «Бавария» кездеседі

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Миланның «Интеріне» есе жіберіп алған испандық «Барселона» клубы турнирдің ақтық кезеңіне осымен екінші жыл қатарынан шыға алмай қалды,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

«Барселона» мен «Интердің» арасындағы қарымта жартылай финалдық кездесу испандықтардың жеңісімен, 1:0 есебімен аяқталды, бірақ екі матчтың қорытынды есебі бойынша финалға итальяндықтар шығып отыр.

Чемпиондар лигасының мамырдың 22-сінде Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтетін финалдық ойынында «Интер» мен «Бавария» кездеседі.