Бұл туралы бүгін Қазақстан баспасөз клубында апатты ауыздықтауға қатысқан жауынгер-ардагерлер баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем экологиясына қауіп төндірген ядролық апатқа 2011 жылы 26 сәуірде 25 жыл толады. Бұл апатқа елімізден 31743 жауынгер қатысқан болатын. Қазіргі уақытта олардың көбі бақилық болса, қалғандары мүгедек күйінде.
«Елімізде осы апаттың құрбандарына арналған бірде-бір ескерткіш жоқ, олардың жасаған ерліктерін ұмытпай, жастарымызға дәріптеу мақсатында ескерткіш орнатуымыз керек», дейді аталған апаттың ардагері Рахым-қажы Әбдікәрімов.
«Жалпы құны 71 мың доллар болатын ескерткіш кешеніне Алматы қаласының әкімі жер телімін берген, енді оны орнатуға үкімет тарапынан қаражат бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді», дейді ардагерлер.