Чилидің президенті болып миллиардер-консерватор сайланды

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - «Ұлттық жаңару» оңшыл партиясынан түскен үміткер, миллиардер және консерватор Себастьян Пиньера (Sebastian Pinera) Чилидегі президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Дауыстардың 60 пайызын санағаннан кейін Пиньера 51,8 пайыз дауыс алды, ал «Демократия үшін партияларды біріктіру» басқарушы солшыл-центристік партиядан түскен, екінші тур бойынша оның қарсыласы Эдуардо Фрей (Eduardo Frei) 48,1 пайыз дауыс жинады.

Фрей өзінің жеңілгенін мойындады. Жасы 60-тағы Пиньера соңғы жиырма жыл ішінде президенттік таққа келген оңшылдардың алғашқы өкілі болып отыр.