Еске сала кетейік, «Сары Бөктер» шекара бекетінің бастығы А. Фомин ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша айыпталып отыр: «Арқанкерген» бекеті 2012 жылғы 28-30 мамыр аралығында байланысқа шықпағанын Үшарал шекара жасағының басшылығынан жасыру, байланысты қалпына келтіруге шара қабылдамау, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, әрекетсіздік, билігін асыра пайдалану және қызметтік жалғандық.
13:18, 02 Шілде 2013
Cудья Алексей Фоминді мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінімхатты қабылдамады
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 шілде. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық сотының судьясы Алтай Аенов «Сары Бөктер» шекара бекетінің бұрынғы бастығы Алексей Фоминді мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінімхатты қабылдамады.