Цветной бульвар циркінде екі гимнасшы трапециядан жұлынып түсті

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Гимнасшылар Александр және Юлия Волковтар трапециядан жұлынып түсті және Цветной бульвардағы цирктің аренасына құлады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні, желтоқсанның 9-ында сағат 21:20-да, әзірлік кезінде болған. Жарақат алғанымен, екі циркшінің де өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ, олар Склифосовский атындағы институтқа жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша,  Юлия бас сүйек-ми жарақатын алған және аяғы морт сынған. Оның жұбайы Александрдың аяғы мен қолы сынған.