Оның айтуынша, Ұлттық банк теңге Қазақстанның басты валютасы екендігін қоғамға дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Осыған орай ірі мәмілелермен қатар барлық баға құрылымдары теңгемен жүргізілуі қажет.
«Бұл тек қана мәмілелерге ғана емес, сонымен бірге баға құрылымдауға, баға көрсетулерге де қатысты. Біз Қазақстанда тұрамыз және біздегі баға теңгемен болуы тиіс. Меніңше, бұл дұрыс құбылыс әрі бұған азаматтарымыз қарсы болады деп ойламаймын», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, ел экономикасын долларсыздандырудың көптеген шаралары бар. «Біздің арсеналымызда болатын экономикалық ынталандыру тетіктерін біздер қолдануға дайынбыз. Яғни, шетелдік валютаға қарағанда теңгемен сақтау тартымдылығын арттыратын тетіктер бар. біз бұл тетіктерді ілгерілетуге, күшейтуге және мүмкіншілігінше оны жақын арада жүзеге асыруға дайынбыз», - деді Д.Ақышев.