Шабақбаев Марат Несіпбекұлы 1956 жылы дүниеге келді, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарында, прокуратура және Әділет министрлігінде орта және аға басшылық құрамының түрлі басшылық қызметтерінде жұмыс істеді.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қаржы полициясы агенттігінің Арнайы департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Бұдан басқа, Айтжанов Дәулет Рымтайұлы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасы орынбасарының қызметінен босатылды. Ол Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің бастығы болып тағайындалды.